Accessibility links

Мәсімов: Қаржы ең алдымен қауіпсіздікке бөлінеді


Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов.
Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов.

Қазақстанда қаржы ең алдымен президентінің қауіпсіздікке қатысты тапсырмаларын орындауға бөлінеді деп мәлімдеді бүгін Астанада өтіп жатқан үкімет отырысында премьер-министр Кәрім Мәсімов.

Жиында ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов құқық қорғау саласының қызметін күшейтіп, заңдарға өзгерістер енгізуге қаржы керегін айтқан. Қасымов ІІМ келесі жылдың бюджетін ұлттық экономика министрлігі және қаржы министрлігімен келіскенін айтқан. Мәсімов ұлттық экономика министрлігі мен қаржы министрлігі басқа саладан үнемдеп, қаржыны бірінші кезекте қауіпсіздікке бөлуге болатынын айтты.

Алматыда 18 шілдеде қарулы адам Алмалы аудандық ішкі істер бөлімі мен ҰҚК департаментіне шабуыл жасап, одан алты адам қаза тапқан. Олардың төртеуі полиция қызметкерлері, екеуі - бейбіт тұрғын.

XS
SM
MD
LG