Accessibility links

Дүйсенова жұмыссыз жастарды әскерге шақыруды ұсынды


Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова

Астанада өтіп жатқан үкімет отырысында сөйлеген денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова жұмыссыз жастарды әскерге жіберу туралы ұсыныс айтты.

- Қорғаныс министрлігімен типтік оқудан соң жұмыспен қамтылмаған, мектептен соң жоғары оқу орындарына және колледждерге түспеген жастарды әскерге алу жайын қарастырып жатырмыз, - деді премьер-министр алдында есеп берген Тамара Дүйсенова.

Министрдің дерегінше, Қазақстанда 14-29 жас аралығындағы 4 миллион 206 мың жастың (бұл халықтың 24 пайызы) 686 мыңы ерекше «назарда ұстайтын жастар». Олардың арасында, жұмыссыз жүргендер, экономиканың бейресми саласында табыс тауып жүргендер, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар (самозанятый) және сотталып, босап шыққандар бар.

- Өзін өзі жұмыспен қамтыған жастардың 68 пайызы, жұмыссыз жастардың 38 пайызы ауылда тұрады. Бұлар мектептен соң оқуға түспеген, білім алмаған және сотталып шыққандар, - деді Дүйсенова.

XS
SM
MD
LG