Accessibility links

Республикашыл партия Трампты президенттікке ұсынды


Дональд Трамп

Дональд Трамп

Республикашыл партия миллиардер Дональд Трампты 8 қарашада өтетін АҚШ президенттігіне кандидат етіп ресми түрде ұсынды.

Огайо штатының Кливленд қаласында өткен партия съезінде делегаттардың дауыс беруінде Трамп өзге 16 бәсекелесінен озып шықты. Трамптың бәсекелестерінің көпшілігі - тәжірибелі саясаткерлер. Енді 21 шілдеде ол кандидат болу ұсынысын ресми түрде қабылдап алмақ.

Трамптың АҚШ-қа мұсылмандардың кіруіне тыйым салу, Мексикамен шекараға қабырға тұрғызу ұсыныстары мен әйелдерге қатысты айтқан ескертпелерін көпшілік, оның республикашылдардың өзі тіл тигізу және дау тудыру әрекеті деп атайды.

Президент сайлауында Трамптың бәсекелесі бұрынғы мемлекеттік хатшы Хиллари Клинтон болуы әбден ықтимал. Клинтон келесі аптада Демократиялық партияның Филадельфияда өтетін съезінде ресми түрде кандидат ретінде ұсынылмақ.

XS
SM
MD
LG