Accessibility links

Бішкек: Трансшекаралық операцияда терроризмге күдікті 15 адам ұсталды


Қырғыз шекарашысы (Көрнекі сурет).

Қырғыз шекарашысы (Көрнекі сурет).

Қырғызстан, Қазақстан, Тәжікстан және Ресейде "Чануб-2016" деп аталатын бірлескен арнайы шекара операциясында экстремизм мен терроризмге күдікті 15 адам ұсталды. Бұл туралы Қырғызстан мемлекеттік шекара қызметіне сілтеме жасаған Азаттықтың Қырғыз редакциясы хабарлады.

Шекара қызметінің мәләметінше, арнайы операция 6-29 маусым аралығында үш кезеңмен, ТМД елдерінде заңға қайшы және трансшекаралық қылмыстық іс-қимылдарды болдырмау мақсатында жүргізілген. Операцияға шекарашылардан өзге төрт елдің құқық қорғау органдары қатысқан.

Ресми мәліметке қарағанда, шекараның әлсіз қорғалған тұстарына уақытша шекара бекеттері қойылған. Бұдан өзге, шекарадан өткізу бекеттерінде шекаралық бақылау күшейтілген.

"Чануб-2016" операциясы кезінде шекараны заңсыз бұзғандар, заңсыз мигранттар, террористік және экстремистік іс-әрекеттерге қатысы барлар, іздеуде жүрген қылмыскерлер ұсталған. Сонымен қатар қару-жарақ, оқ-дәрілер мен есірткі заттары табылған.

Қырғызстан шекара қызметі арнайы операция жүргізгендер алға қойылған мақсатты толық орындады дейді.

XS
SM
MD
LG