Accessibility links

Түркия WikiLeaks сайтын бұғаулады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Түркия билігі WikiLeaks сайтын биліктегі Әділет және даму партиясы мүшелерінің электрондық жазбаларын жариялаған соң бұғаулады. Сайтта партия мүшелерінің 2010 жылдан бері жазысқан 300 мыңға жуық электрондық хаты жарияланып кеткен.

WikiLeaks авторлары электрондық хаттарды сайтқа Түркия президенті Режеп Ердоғанның елдегі әскери төңкеріс жасау әрекетіне қатаң жауап шараларын жасауына байланысты салғанын мәлімдеді. Олар ұрланған хат дереккөзінің Түркиядағы бүлікшілермен байланысы жоғын айтады.

Түркияда 16 шілдеге қараған түні әскерилердің бір бөлігі мемлекеттік төңкеріс жасамақ болып, ол әрекеті іске аспай қалған. Бүлікке қатысы бар деген күдікпен алты мыңға тарта адам, оның ішінде жоғары шенді офицерлер, шенеуніктер мен судьялар тұтқындалды. Түркия билігі бүлікті Ердоғанмен жанжалдан соң АҚШ-қа кеткен ислам діни жетекшісі Фетхулла Гүленнен көрген. Кеше Түркия билігі АҚШ-тан Гүленді дереу экстрадициялауды талап еткен. Гүленнің өзі төңкеріске қатысы барын жоққа шығарады.

Батыс елдерінің басшалыр мен БҰҰ Түркияны адам құқығын құрметтеп, бүлікке қатысқандарға өлім жазасын қолданбауға шақырды.

XS
SM
MD
LG