Accessibility links

Республикашыл партия съезінде полиция бірнеше адамды ұстады


Кливлендтегі наразылық акциясы. АҚШ, 20 шілде 2016 жыл.

Кливлендтегі наразылық акциясы. АҚШ, 20 шілде 2016 жыл.

Республикашыл партия съезі өтіп жатқан орындағы қарсылық акциясы бақылаудан шығып барады.

Полиция демонстранттар АҚШ туын өртемек болғанда кем дегенде 10 адамды ұстады. Тәртіпсіздіктер Огайо штатының Кливленд қаласында съездің үшінші күні басталуға бірнеше сағат қалғанда болған.

Республикашыл кандидат Дональд Трамптың жақтастары мен қарсыластары және басқа да демонстранттар съезд өтіп жатқан жабық аренада марш өткізді. Өздерін коммунистер деп атаған топ туды өртемек болғанымен, бірнеше секундта оларды полиция ұстады. Кейбір ақпар бойынша, 10-нан 16-ға дейін адам ұсталып, оларға айып тағылған.

Оқиға орнында болған журналистер құқық қорғау органдары қызметкерлері туды өртеуге әрекет жасалғанда ер адамдардың бірінің шалбары жана бастағандықтан оқиғаға араласуға мәжбүр болғанын айтады. Съездің алғашқы екі күнінде бес адам ғана ұсталған.

XS
SM
MD
LG