Accessibility links

Мэй: Ұлыбритания ЕО-дан шығу процесін биыл бастамайды


Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй (сол жақта) Германия канцлері Ангела Меркельмен баспасөз конференциясында. Берлин, 20 шілде 2016 жыл.

Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй (сол жақта) Германия канцлері Ангела Меркельмен баспасөз конференциясында. Берлин, 20 шілде 2016 жыл.

Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэйдің сөзінше, Лондон Еуропа Одағынан (ЕО) "ұйымдасқан және парасатты түрде" кету үшін одақтан шығу процесін биыл бастамайды. Бұл туралы Мэй Германия канцлері Ангела Меркельмен бірге өткізген баспасөз конференциясында айтты. Мэй премьер-министр қызметіне кіріскендегі шетелге алғашқы сапарын Германиядан бастап отыр.

Тереза Мэй Ұлыбритания ЕО-дан "мүлдем айырылысып кетпейтінін" және "барынша жақын экономикалық байланыстар" орнатуды көздейтінін айтты. Меркельдің мәлімдеуінше, Ұлыбританияға стратегиясын жасап алуға уақыт керегін барлығы түсінеді. Бірақ ол белгісіздік барлық тарапқа бірдей зиян шектіретінін де ескертті. Канцлердің сөзінше, ЕО-дан шығу туралы ресми келіссөзд Ұлыбритания ЕО құру туралы Лиссабон келісімінің 50-бабын жойған соң ғана басталуы мүмкін.

XS
SM
MD
LG