Accessibility links

Түркияда үш айға төтенше жағдай енгізілді


Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған елде үш ай мерзімге төтенше жағдай енгізді. Бұл туралы ол 20 шілдеде Анкарада үкімет мүшелері және Ұлттық қауіпсіздік кеңесімен кездесуі кезінде тікелей эфирден жариялады. Төтенше жағдай Түркияда 15 шілдеде іске аспай қалған мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетінен соң енгізіліп отыр.

Бұған дейін Ердоған Al Jazeera телеарнасына сұхбатында әскерилердің мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетіне шет мемлекеттердің қатысы бар болуы мүмкін екенін мәлімдеген. Бірақ ол нақты бір елді атап айтпаған. Ердоған төңкерісті АҚШ-та тұратын діни жетекші Фетхулла Гүленнің ұйымынан көреді.

Ердоған сонымен қатар "Түркия демократиясына қауіп төніп тұр" деген және өзін "авторитарлық билеушіге айналып барады" деген ұйғарымдарды жоққа шығарды. "Біз демократиялық прарламент жүйесінде қала береміз және бұдан ешқайда кетпейміз" деді ол.

Түркия президенті бұған қоса парламенттің өлім жазасын қалпына келтіру шараларын тіпті ол Түркияның Еуропа Одағына кіру мүмкіндігіне қауіп төндіретініне қарамастан мақұлдайтынын да мәлімдеді.

20 шілдеде Вашингтонда бірнеше мемлекеттің сыртқы істер министрлері түрік билігінің мемлекеттік төңкеріс әрекетінен соң жапапй қудалау жүргізуіне алаңдаушылық білдіріп, Түркияны заң үстемдігін құрметтеуге шақырған.

XS
SM
MD
LG