Accessibility links

АҚШ "Әл-Қаиданың" Иранда тұратын үш жетекшісін қара тізімге алды


"Әл-Қаида" туы (Көрнекі сурет).

"Әл-Қаида" туы (Көрнекі сурет).

АҚШ "Әл-Қаиданың" Иранда тұратын үш жетекшісін қара тізімге қосты. Вашингтон оларды соғыстағы исламшыл топқа қаржылай, логистикалық көмек көрсетіп, Иран билігімен байланысында араағайындық етіп жүр дейді.

АҚШ қаржы министрлігі 31 жастағы Сауд Арабиясы азаматы Файсал Жассим Мохаммед әл-Амри әл-Халидиді "Әл-Қаида" бригадасын басқарған және қазір ұйымның әскери комиссиясын басқарады дейді. Министрлік әл-Халидиді "Әл-Қаида" басшылығындағы "жаңа буын өкілі" деп сипаттайды. Әл-Халиди 2011 жылы "Әл-Қаида" басшылығы мен "Талибанның" пәкістандық қанаты жетекшілері арасында байланыс ұстап отырған.

АҚШ Египеттен шыққан 48 жастағы Исра Мухаммад Ибрахим Баюми 2015 жылдың басында Иран билігімен келіссөзде араағайындық жасап, "Әл-Қаида" мүшелерінің Иранда тұруына көмектескен дейді.

35 жастағы алжирлік Абу Бакр Мухаммад Гумаин топтың Ирандағы қаржыландыру және ұйымдастыру жұмыстарын бақылаған. Гумаин бұған дейін Пәкістанда тұрған.

XS
SM
MD
LG