Accessibility links

MSF: Жерорта теңізінен 22 мигранттың мәйіті табылды


Medecins Sans Frontieres ұйымының құтқару кемесі Ливияның Жерорта теңізі жағалауында суға батқан мигранттарды құтқарып жатыр. Мамыр 2016 жыл.
Medecins Sans Frontieres ұйымының құтқару кемесі Ливияның Жерорта теңізі жағалауында суға батқан мигранттарды құтқарып жатыр. Мамыр 2016 жыл.

Ливияның Жерорта теңізі жағалауына жақын аумақта резеңке қайықта 22 адамның мәйіті табылды деп хабарлайды "Шекарасыз дәрігерлер" (Medecins Sans Frontieres - MSF) ұйымы. 20 шілде күні табылған қайық сол күні бірер сағат бұрын Италияға жолға шыққан.

MSF өзінің теңізде бақылау жасап жүрген MS Aquarius кемесі Жерорта теңізінің орталық бөлігінде бір-біріне жақын жүзіп жүрген екі қайықты байқап, олардан 209 адамды, оның ішінде 50 баланы қауіпсіз жерге шығарғанын айтады. Бірақ бір қайықтың түбінде жанармай ішінде 22 мигранттың денесі табылған.

«Нақты не болғаны белгісіз, бірақ бұл масқара өлім. Бұл қайғылы жағдай. Су мен жанармай араласып, буланған соң ол адамдарды есінен тандырғанға ұқсайды» деген MSF өкілі Йенс Паготто Reuters агенттігіне.

Аман қалғандардың көбі Нигерия, Гвинея сынды Батыс Африка елдерінен. Олар қаза болғандармен бірге 22 шілдеде Трапани портына жеткізілуі керек болған.

БҰҰ дерегінше, биыл Италияға 80 мың босқын жеткен.

XS
SM
MD
LG