Accessibility links

Тәжікстанда "Комсомольская правда" газетін басу тоқтады


Тәжікстандық журналист Шариф Хамдампур.

Тәжікстандық журналист Шариф Хамдампур.

Тәжікстанда «Комсомольская правда» шығарылмайтын болды
Тәжікстанда ресейлік «Комсомольская правда» газетін шығару тоқтатылды.

«Точикистон» апталық газетінің құрылтайшысы әрі бас редакторы, Тәжікстанда ресейлік басылымдарды шығаруға жауапты болған Шариф Хамдампурдың сөзінше, басылымның жабылуы «Комсомольская правда» тілшісі Сергей Пономаревтың мақаласына өздері жасаған наразылығымен байланысты болған.

Пономарев Тәжікстанға сапарынан кейін жариялаған «Тәжікстан: советтік әуре-сарсаңнан жарқын болашаққа» («Таджикистан: из советского прозябания в светлое будущее») деген мақаласында Орталық Азиядағы бұл елді «Равшандар мен Жамшуттар елі» деп атаған.

Бүгін Душанбеде өткен баспасөз мәслихатында Шариф Хамдампур бұл мақала тәжік халқы мен ұлтының ар-намысына тиетінін, сондықтан «еліміздегі бұл газеттің басылуын тоқтату туралы шешім шығарғанын» айтты.

Ресейлік «Комсомольская правда» және «Аргументы и факты» басылымдары Тәжікстанда он жылдан астам уақыт шығып келген.

XS
SM
MD
LG