Accessibility links

Қазақстанға биыл қажылыққа 3 мың квота бөлінді


Қажылық сапарға бара жатқан қазақстандықтар әуежайда отыр (Көрнекі сурет).

Қажылық сапарға бара жатқан қазақстандықтар әуежайда отыр (Көрнекі сурет).

Қазақстанға биыл Сауд Арабиясында мұсылмандардың қажылық парызын өтеуіне үш мың квота бөлінді деп хабарлады Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфтий Серікбай қажы Ораз. Алматыда қазақстандықтарды қажылыққа апарумен айналысатын компаниялар жетекшілерімен өткен жиында Серікбай Ораз биыл Алматы, Астана және Шымкент қалаларынан Сауд Арабиясына тікелей әуе рейстері ұшырылатынын айтты.

Мұсылмандар діни басқармасының мәліметінше, 2015 жылы бес мың қазақстандық қажылыққа барған. 2014 жылы Қазақстанға бес мың квота берілген.

Биыл Мекке мен оның маңындағы киелі жерлерге жасалатын зиярат - қажылық қыркүйектің басында өтеді.

XS
SM
MD
LG