Accessibility links

Петропавлда Алматыда қаза тапқан полицейлерді еске алды


Петропавлдағы Алматыдағы шабуылда қаза тапқан полицейлерді еске алу. 21 шілде 2016 жыл.
Петропавлдағы Алматыдағы шабуылда қаза тапқан полицейлерді еске алу. 21 шілде 2016 жыл.

Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаменті (ІІД) Алматыда 18 шілде күні теракт кезінде қаза болған құқық қорғаушыларды еске алды. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, ІІД қызметкерлері департамент ғимараты жаныдағы қаза болған қызметкерлер ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Іс-шараға облыстық ІІД құрамы, құқық қорғау органдары, ауған соғысының ардегерлері, полиция қызмектерлерінің отбасы мүшелері қатысты. Жиналғандар қызметтік борышын өтеу барысында қаза тапқан әріптестерін бір минут үнсіздікпен еске алды.

Бейбіт күнде болған атыс кезінде зардап шеккендерге көмек ретінде облыстың ІІД қызметкерлері арнайы қан тапсырды. Сонымен қатар, полицейлер қарулы адамның қолынан қаза тапқан әріптестерінің отбасыларына көмек көрсету мақсатында бір күндік жалақыларын аударды. Яғни, облыстың ІІД құрамы атынан 7 миллион теңгеге жуық қаражат көмек ретінде жіберілмек.

18 шілде Алматыда болған террористік шабуыл салдарынан төрт полиция қызметкері, бір шекарашы мен бір бейбіт тұрғын қаза тапты. Ал алты адам ауруханада жатыр. Құқық қорғау органдары шабуылды жасады деген күдікпен 1991 жылы туған Руслан Кулекбаев есімді азаматты ұстады.

XS
SM
MD
LG