Accessibility links

Түркия Еуропа адам құқығы конвенциясы әрекетін тоқтатты


Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған. Анкара, 20 шілде 2016 жыл.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған. Анкара, 20 шілде 2016 жыл.

Түркия премьер-министрінің орынбасары Нуман Куртулмуш ел аумағында Еуропа адам құқығы конвенциясы әрекеті уақытша тоқтатылатынын хабарлады. Ол президент Режеп Тайып Ердоған жариялаған төтенше жағдайдың бір немесе бір жарым айда алынып тасталатынын да айтты.

Бұған дейін Түркия президенті төтенше жағдай үш айға жарияланғанын хабарлаған. Құқық қорғаушылар "төтенше жағдай президентке парламентті айналып өтіп, заң қабылдауға мүмкіндік береді, төңкеріске талпынғандардың жақтастары репрессияға ұшырайды" деп алаңдайды.

Түркияда жарияланған төтенше жағдайға Германия сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайер, Нидерланд сыртқы істер министрі Берт Кендерс алаңдаушылық білдірген. Олар төтенше жағдайдың уақытын тек белгілі бір мерзімге шектеу және мүмкіндігінше тез арада қайтып алуға шақырды.

15 шілдеде Түркияда әскери төңкеріс жасауға талпыныс болып, билік оны басып тастаған. Төңкеріс әрекетіне қатысы бар деген күдікпен ондаған мың адам қамалып, жұмыстарынан шеттетілген.

XS
SM
MD
LG