Accessibility links

Күлекбаев екі айға қамалды


Күдікті Руслан Күлекбаевтың (жерде) ұсталған сәті. Алматы, 18 шілде 2016 жыл.
Күдікті Руслан Күлекбаевтың (жерде) ұсталған сәті. Алматы, 18 шілде 2016 жыл.

Алматыдағы шабуылға күдікті Руслан Күлекбаев екі айға қамауға алынды деп хабарлайды жергілікті агенттіктер.

Қалалық сот баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматының Алмалы аудандық соты Күлекбаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу аясында екі айға қамауға алу туралы бұлтартпау шарасын тағайындау туралы санкция шығарған.

Тергеу мәліметтері бойынша, Күлекбаев қылмыстық кодекстің "екі немесе одан да көп кісіні өлтіру", "бөтеннің көлігін күш қолдану арқылы заңсыз иелену", "терроризм актісін жасау", "ғимараттарға, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына шабуыл жасау немесе оларды басып алу", "адам өмірі мен денсаулығына қауіпті зорлық-зомбылық қолдану арқылы атыс қаруын бірнеше рет ұрлау" баптары бойынша қылмыс жасады деген күдікке ілінген.

18 шілдеде Алмалы аудандық ішкі істер бөлімі мен ҰҚК департаментіне қарулы адам шабуыл жасап, салдарынан үш полицей, шекара қызметінің бір сарбазы және бір бейбіт тұрғын қаза тапқан. Шабуылға күдікті ретінде 1990 жылы туған Руслан Күлекбаев ұсталған. Ресми мәлімет бойынша, ол бұған дейін екі рет сотталған.

XS
SM
MD
LG