Accessibility links

Әбжан ісіне "озбырлық" айыбы қайта қосылды


Астаналық белсенді Махамбет Әбжан.

Астаналық белсенді Махамбет Әбжан.

Астаналық белсенді Махамбет Әбжанға қатысты қылмыстық іске "озбырлық жасау" айыбы қайта қосылды. Әбжанға бұған дейін "билік өкіліне тіл тигізді, оларға бағынбай, күш көрсетті" деген айып тағылған. Сот процесі Сарыарқа аудандық №2 сотында өтіп жатыр.

Әбжанның адвокаты Аманжол Мұхамедьяровтың Азаттыққа айтуынша, полиция Махамбет Әбжанға қатысты екі бөлек істі біріктірген. Адвокаттың сөзінше, Әбжан тұрғын-үй құрылыс кооперативі үлескерлерінің тұрғын үйге қатысты дауларында көмектеспек болған, бірақ енді оған озбырлықпен айналысты деген айып тағылып отыр. Мұхамедьяровтың айтуына қарағанда, бұған дейін "озбырлық таныту" туралы іс тергеу кезінде жабылған. Бірақ енді прокуратура полицияның бұл шешімін жойып, істі қайта қозғаған.

Полицияның ұйғарымынша, белсенді мамыр айында Астанадағы салық қызметінде жанжал тудырып, бұдан соң одан полицияға барып, түсінік беруді сұарған. Бірақ Әбжан одан бас тартып, "қарсылық танытып, полицияның қызметтік киімінің қалтасын жыртқан".

Әбжанның өзі айыпта "үйлеспейтін тұстар" барын айтады. Оның сөзінше, полицейлердің бірі қалтасы қай жақ қалтасы жыртылғанын нақты айта алмаған. Ол сонымен қатар материалдан оның ұсталған уақыты жоғалып кеткенін айтады.

Махамбет Әбжан бұған дейін "қаржылық алаяқтық жасады" деген айыппен сотталып, үш жыл түрмеде отырған. Жақтастары ол айыптың саяси астары бар дейді.

  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG