Accessibility links

Exclusive: Шабуыл туралы мақаланы алып тастауға мәжбүр болдық


Полицияның Алматыдағы шабуылға күдіктіні ұстау сәті. 18 шілде 21016 жыл.
Полицияның Алматыдағы шабуылға күдіктіні ұстау сәті. 18 шілде 21016 жыл.

Exclusive порталы 19 шілде күні жарияланған Алматыдағы шабуылға қатысты "Унижения, насилие и смерть вчера вернулись полицейским бумерангом" деп аталатын мақаласын алып тастауға мәжбүр болғанын хабарлады. Порталдың мәліметәнше, мақаланы алып тастауды ақпарат және коммуникация министрлігі байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті талап еткен.

Портал редакциясы комитет төрағасы міндетін атқарушының тілегімен материал авторы Манас Бистаевты мақаласы үшін төленген қаламақысы есебінен кешкі біліктілікті жетілдіру курсына жіберген.

Мақалада автор Алматыда 18 шілде күні шабуыл жасады деген күдікті Руслан Күлекбаевтың шабуылды "полицияға деген кектен" жасау үшін оған түрмеде қандай әрекеттер түрткі болуы мүмкін екеніне талдау жасаған. Бұрын сотталған Күлекбаевтың шабуылды "полицияға деген кектен" жасағанын 18 шілдеде ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов айтқан.

Манас Бистаев мақаласында Қазақстандағы құқық қорғау мен тұтқындардың жазасын өтеу жүйесі "зорлық-зомбылық пен азаптау жүйесінің синониміне айналғаны құпия емесін" айтады. "Полицейлер үшін азаптаудың әдеттегі құралға айналып кеткені сонша, қызмет өкілетін асыра пайдаланудың құрбанына тіпті осы органдардың қызметкерлері, көбінесе әйелдер айналады" делінген мақалада.

18 шілде Алматыда болған террористік шабуыл салдарынан төрт полиция қызметкері, бір шекарашы мен бір бейбіт тұрғын қаза тапты. Ал алты адам ауруханада жатыр. Құқық қорғау органдары шабуылды жасады деген күдікпен ұсталған 1991 жылы туған Руслан Күлекбаевтың бұрын екі рет сотталғанын айтады.

XS
SM
MD
LG