Accessibility links

Матаевтың соты Астанада өтеді


Қазақстан журналистер одағының жетекшісі Сейтқазы Матаев
Қазақстан журналистер одағының жетекшісі Сейтқазы Матаев

Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаевтың соты Астанада өтеді деп хабарлады Матаевты қорғау комитеті. Оның мәліметінше, Алматы қалалық коррупцияға қарсы қызмет 12 шілдеде Матаевтың ісін Алматы қалалық прокуратурасына жіберген. Ал 21 шілдеде прокуратура айыптау актісін Матаевқа тапсырған. Прокуратура осы күні істі Астананың Есіл аудандық қылсмыстық істер бойынша сотына жіберген.

Комитет бүгін түске дейін сот материалдары Есіл аудандық сотына түспегенін айтады. Комитет сонымен қатар Матаевты үйқамақта ұстау мерзімі 22 шілде сағат 12:30-да аяқталуы тиіс екенін айтады.

"Бұлтартпау шарасы мәселесін сот іс сотқа түскен соң 5 күн ішінде шешеді. Есіл аудандық соты қаулы шығармаса бұлтартпау шарасы 22 шілде сағат 12:30-да аяқталады" дейді Матаевты қорғау комитеті.

Биыл 22 ақпанда «мемлекет қаржысын жымқырған» және «салықтан жалтарған» деген күдікпен ұсталған Сейітқазы Матаев 24 ақпаннан бері үйқамақта отыр. 28 наурызда оның ұлы, ҚазТАГ ақпарат агенттігі бас директоры Әсет Матаев та үйқамаққа алынған. Әкелі-балалы Матаевтар өздеріне тағылған айыптарды жоққа шығарып, «келген зиян» туралы айыптау толықанды аудиторлық тексеру жүргізілместен тағылғанын айтады.

Мамыр айында Сейітқазы Матаевтың адвокаттары оған тағылған айып қызмет өкілетін пайдаланып өзіне артылған сенімді теріс мақсатқа пайдаланды" деген ауыр бапқа өзгергенін хабарлаған. Әсет Матаевқа қатысты айып та осыған ұқсас өзгертілген.

ҚазТАГ агенттігінің ақпараты бойынша, арасында ВВС, «Неміс толқыны», «РБК», «Россия-24», France Press және өзгелері бар шетелдік бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары Сейітқазы Матаевтың ісі бойынша өтетін сотқа қатысуға ниет білдірген.

XS
SM
MD
LG