Accessibility links

Кувейт "Иранға тыңшылық жасаған" адамға өлім жазасын кесті


Кувейт туы (Көрнекі сурет).
Кувейт туы (Көрнекі сурет).

Кувейт аппеляциялық соты «Парсы шығанағындағы елдерде тұрақсыздық орнату мақсатында Тегеранмен жұмыс істеген топ қатарында Иран пайдасына тыңшылық жасады» деген айыппен өлім жазасына кесілген адамның үкімін өзгеріссіз қалдырды.

Иран бұл іске қатысы бар деген барлық айыптармен келіспейді. Кувейт пен көбіне сүнниттер басқаратын өзге де бірнеше араб елдері Тегеранды «шейіт қауымдастықтарының қолтығына су бүркіп, елді әлсіреткісі және аймақтық саяси жағдайды шайқалтқысы келіп отыр» деп айыптап жүр.

The so-called "Abdali cell" was uncovered when security forces raided a farmhouse in Abdali outside Kuwait City last year and found a vast cache of guns and explosives.
Былтыр Кувейт қауіпсіздік қызметі Кувейт қаласы сыртындағы "Абдали" қонақүйін тінтіп, қару-жарақ пен жарылғыш заттар қоймасын тапқан. Кувейт "Абдали ұяшығы" атаған топ құрамындағы 25 кувейттік шиит пен бір Иран азаматын Иранға тыңшылық жасады деп айыптаған. Олардың 23-і түрлі "Кувейтке қастық қылу мақсатында" түрлі қылмыстар жасады деп танылған.

«Абдали тобының» рухани жетекшісі әрі "Хезболла" мүшесі саналатын Асан Абдул Ади Ажиуа мен Иран азаматы сырттай өлім жазасы кесілген.
Сот Иран азаматының "босқын" деген мәртебесі барына сүйеніп, оған үкім шығармады.

Сот сонымен бірге 15 жылға сотталған 10 адамды ақтап, тоғыз адамның бас бостандығынан айыру жазасын жұмсартқан.

XS
SM
MD
LG