Accessibility links

Мәсімовке жер комиссиясы жұмысының қорытындысын беруді тапсырды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев премьер-министр Кәрім Мәсімовті қабылдап, жыл соңына дейін бірнеше тапсырманы орындауды, оның ішінде жер реформасы бойынша құрылған қоғамдық комиссия жұмысының қорытындысын тапсыруды жүктеді.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мәсімов президентке жер комиссиясының қазіргі қызметі, республиканың негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы жайын баяндаған.

Президент Мәсімовке таяу уақытта жер комиссиясы қызметінің нәтижелерін көрсетуді, экономикалық көрсеткіштердің төмендуіне жол бермеуді, күзгі өнім жинау және күз бен қысқы мезгілге дайындық мәселелеріне көңіл бөлуді, ЭКСПО-2017 көрмесі мен универсиадаға дайындықты жалғастыруды тапсырған.

"Аталған мәселелердің барлығы бойынша жұмыс істеп, тамыздың соңында үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізетіндей және алдын ала қорытындыларды шығарып, ары қарайғы іс-қимылды белгілейтіндей болайық" деген Назарбаев.

XS
SM
MD
LG