Accessibility links

Анкара: АҚШ Гүленді экстрадициялау туралы комиссия құруды ұсынды


Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу.

Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу.

Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу Вашингтон АҚШ-та тұрып жатқан ислам діни жетекшісі Фетхулла Гүленді экстрадициялау мәселесіне қатысты комиссия құруды ұсынғанын мәлімдеді. Ресми Анкара Гүленді Түркияда 15 шілдеде мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетіне қатысы бар деп айыптайды.

Чавушоглу 22 шілдеде Түркия экстрадицияға қатысты комиссия жұмысына қатысуға әзір екенін айтты.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 75 жастағы Фетхулла Гүленді Түркия билігі басып тастаған мемлекеттік төңкеріске дем берді деп айыптаған. Гүлен бүлікті айыптап, оған қатысы барын жоққа шығарған.

Анкара АҚШ-тан Фетхулла Гүленді экстрадициялауды ресми түрде сұрайтынын мәлімдегенімен, әлі ондай өтініш білдірмеген.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Вашингтон экстрадициялау өтінішін қарастыратынын білдіргенімен, Гүленді қайтару үшін оның кінәсін дәлелдейтін сенімді айғақ болуы керегін айтқан.

15 шілдеде басталып, 16 шілдеде басылған әскерилердің шағын бөлігінің төңкеріс жасау әрекетінен соң Түркияда Гүленнің жақтасы, бүлікке қатысты немесе оған қолдау білдірді делінген 60 мыңға тарта адам қуғынға ұшыраған. Ұсталған, қызметінен босатылған немесе қуғынға алынғандар арасында әскери шенеуніктер, сарбаздар, полицейлер, судьялар, мемлекеттік қызметкерлер, колледж декандары мен оқытушылар бар.

XS
SM
MD
LG