Accessibility links

Полиция: Мюнхендегі қылмысқа күдікті 18 жастағы жігіт қаза болған


Қарулы қылмыс болған жерде жүрген полиция қызметкерлері. Мюнхен, 23 шілде 2016 жыл.
Қарулы қылмыс болған жерде жүрген полиция қызметкерлері. Мюнхен, 23 шілде 2016 жыл.

Мюнхен полициясы жұма күні кешке қаладағы «Олимпия» сауда орталығы маңында оққа ұшқан тоғыз адамның қазасына 18 жастағы жігіт күдікке ілінгенін хабарлады. Күдіктінің жансыз денесі арнайы операция барысында табылған. Әзірше оның қалай қаза болғаны белгісіз.

Полицияның мәліметі бойынша, күдікті жігіт - тегі ирандық, Иран мен Германияның қос азаматы - соңғы жылдары Мюнхенде тұрған, бұған дейін құқық органдарының назарына ілінбеген.

Полиция «шабуылды жалғыз адам жасаған болуы мүмкін» деген болжам айтады. Бұған дейін Мюнхендегі атысқа байлансты полиция үш адамды іздестіріп жатыр деп хабарланған.

Шілденің 22-сі күні кешке Мюнхенде белгісіз біреу көшедегі адамдарға қарудан оқ жаудырған. Полицияның соңғы мәліметі бойынша, 9 адам қаза тауып, оннан астам адам жараланған. Бұған дейін Muencher Abendzeitung газеті 15 адамның көз жұмғаны туралы хабарлаған еді.

Оқиға 1972 жылғы Мюнхен олимпиадасы кезінде палестиналық экстремистер Израильдің 11 спортшысын кепілге алып, кейін түгел өлтіріп тастаған стадион маңында орналасқан сауда орталығында болған.

XS
SM
MD
LG