Accessibility links

Мәскеуде саясаттанушы Андрей Пионтковскийдің пәтеріне тінту жүргізген


Ресейлік саясаттанушы Андрей Пионтковский.
Ресейлік саясаттанушы Андрей Пионтковский.

Мәскеуде танымал саясаттанушы әрі публицист Андрей Пионтковскийдің пәтеріне бүгін ертемен Ресей федералдық қауіпсіздік қызметі (ФСБ) өкілдері тінту жүргізуге келген. Пәтерде Пионтковскийдің немересі болған. Бұл туралы арада біраз уақыт өткенде пәтерге барған адвокат Марк Фейгин хабарлады.

Тінту жүргізуге биыл қаңтарда «Эхо Москвы» радиостанциясы сайтында Пионтковскийдің Шешенстандағы жағдай туралы «Жарылуға шақ тұрға бомба» атты мақаласы негіз болған (қазіргі кезде сайттта мақаланың қайта өңделген нұсқасы тұр.)

Прокуратура мақалада Ресейдің «территориялық біртұтастығын бұзуға бағытталған іс-әрекетті жүзеге асыруға шақыру белгілері бар», оған қоса, мақала өшпенділік пен жаулықты қоздырады және «ұлтына байланысты ар-намысқа тиеді» дейді. Осыған байланысты қылмыстық іс қозғалып, 5 шілдеде ФСБ қызметкерлері «Эхо Москвы» радиостанциясы мен Андрей Пионтковскийдің жазысқан хаттарын алған. Сайт редакторы Виталий Рувимский мен өзге де қызметкерлерді ФСБ-ға шақыртып, жауап алған.

Қазір шетелде жүрген Андрей Пионтковский Азаттықтың Орыс қызметіне Мәскеудегі пәтеріне жүргізіліген тінтуге қатысты былай деп түсініктеме берді:

«Олар пәтерге таңертеңгі сағат алтыда келген, сірә, бұл чекистердің мұраға қалған жұмыс тәсілі болса керек. Маған 2007-2009 жылдары кітабыма бола экстремизм айыбын таққан. Бірақ ол жолы соттың ешқандай экстремизм нышаны жоқ деп мені ақтап, сөз бостандығының жеңуі таңдандырған еді. Мен ол кезде АҚШ-тағы Гудзон институтында жұмыс істейтінмін, сонда да бұл сөз бостандығы үшін күрес деп санап, прокуратурадағы барлық тергеуге, барлық сот отырыстарына келгем. Бірақ қазір жағдай өзгерді – мені олар жазалау үшін істеп отырғанын түсінемін. Ол кезбен салыстырғанда қазір жасым да 10 жылға ұлғайды, камерада тіпті бірнеше күнге қамаса да маған қиынға соғады. Сондықтан мен елден кеткенім дұрыс деп шештім және жуық арада оралатын ойым жоқ».

Андрей Пионтковский Ресей билігі бүгінгі тінтуден кейін енді өзіне іздеу жариялауы мүмкін деген болжам айтады.

XS
SM
MD
LG