Accessibility links

Минскіде журналист Павел Шереметті соңғы сапарға шығарып салды


Журналист Павел Шереметті соңғы сапарға шығарып салуға келгендер. Минск, 23 шілде 2016 жыл.
Журналист Павел Шереметті соңғы сапарға шығарып салуға келгендер. Минск, 23 шілде 2016 жыл.

Бүгін Минскіде жұртшылық осы аптада Киевте қастандықпен өлтірілген журналист Павел Шереметті соңғы сапарға шығарып салды.

Журналистпен қоштасу рәсіміне марқұмның туыстары, достары, әріптестері мен қоғамдық белсенділер жиналды.

Кеше журналистпен қоштасу рәсімі Киевте өткен, оған Украина президенті Петр Порошенко да қатысқан. Украина бас прокуроры Юрий Луценко журналистің қазасына бірнеше адамның қатысы бар деп мәлімдеген.

Павел Шеремет 20 шілдеде Украина астанасында таңертең радиодағы хабарын жүргізу үшін жұмысқа бармақ болған кезде автокөлігіне алдын ала қойылған бомба жарылысынан қаза тапқан.

44 жастағы Павел Шеремет – Беларусь, Ресей және Украина бұқаралық ақпарат құралдарында еңбек еткен танымал журналист. Кәсіби қызметін Беларусь телеарнасында бастаған Шеремет 1998-2008 жылдар аралығында ресейлік «Первый канал» телеарнасының арнайы тілшісі, «Время» бағдарламасының жүргізушісі және бірнеше деректі фильмнің авторы ретінде танылды. Соңғы жылдары ол Украина астанасында тұрып, «Украинская правда» басылымы мен «Вести» радиосында еңбек етті. Павел Шеремет Украина мен Ресейдегі саяси оқиғалар жайлы Азаттыққа жиі комментарий беретін. Ол Украинадағы Майданды қолдап, Ресей билігінің саясатын сынайтын.

Минскідегі Павел Шереметпен қоштасу рәсімінен видео:

Павел Шереметпен қоштасу
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:22 0:00

XS
SM
MD
LG