Accessibility links

Полиция: Мюнхендегі шабуылға күдіктінің экстремистермен байланысы болмаған


Қарулы шабуыл болған жерде тұрған адамдар. Мюнхен, 23 шілде 2016 жыл.

Қарулы шабуыл болған жерде тұрған адамдар. Мюнхен, 23 шілде 2016 жыл.

Мюнхендегі қарулы шабуылға күдіктінің үйіне тінту жүргізген полиция оның экстремистермен байланысын дәлелдейтін айғақ таппаған. Бұл туралы Мюнхен полициясы басшысы Хубертус Андре мәлімдеген.

Күдіктінің бөлмесінен қарудан оқ ату туралы әдебиет, солардың арасында жоғары оқу орындарындағы жаппай адам өлтіру оқиғалары туралы газет мақалаларының қиындылары табылған. Андренің сөзінше, күдікті психиатрдың көмегіне жүгінген, бірақ оның психотроптық заттар қабылдағаны немесе қабылдамағаны туралы әзірше нақты дерек жоқ.

Бүгін Германия полициясы жұма күні Мюнхенде сауда орталығында адамдарға қарулы шабуылға күдікті – Иран мен Германия азаматтығына ие 18 жастағы жігіт және ол жалғыз әрекет еткен болуы мүмкін деп мәлімдеген. Күдікті соңғы жылдары Мюнхенде тұрған. Шабуылдың себептері әзірше белгісіз.

22 шілдеде қарулы ер адам Мюнхеннің солтүстік-батысындағы «Олимпия» сауда орталығында қарудан оқ жаудырған. Салдарынан тоғыз адам қаза тауып, жиырмаға жуығы жараланған.

Мюнхенде қаза тапқандарды аза тұту жарияланды. Демалыс күндері қалада ойын-сауық шаралары өткізілмейді.

XS
SM
MD
LG