Accessibility links

Шыңжаңда жер сілкінді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

«Бүгін Алматы уақытымен сағат 1.55-те Қытай аумағында жер сілкінді» деп хабарлайды Қазақстан сейсмологиялық әдістемелік-зертханалық орталығы.

Магнитудасы 4,2 болған жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 367 километр қашықтықта, Қытайдың Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданында, жер қабатының 5 километр тереңінде тіркелген.

Зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат жоқ. Жер сілкінісінің дүмпуі Алматыда сезілмеген.

XS
SM
MD
LG