Accessibility links

«Тур де Франс» жарысында Кристофер Фрум тағы да жеңіске жетті


Sky командасының мүшесі, британдық Кристофер Фрум.
Sky командасының мүшесі, британдық Кристофер Фрум.

Велоспорттан «Тур де Франс» көпкүндік жарысында Межев пен Морзин қалалары арасындағы таулы жердегі соңғы кезеңнен соң да жарыс көшбасшысының сары жейдесін Sky командасының мүшесі, британдық Кристофер Фрум иеленіп отыр. Бұл оның әйгілі веложарыстың биылғы бас жүлдесін жеңіп алғанын білдіреді. Үш аптаға жалғасқан жарыстың «достық кезеңі» 24 шілдеде Парижде мәреге жетпек.

31 жастағы Фрум бұған дейін де екі рет – 2013 және 2015 жылдары «Тур де Франс» жеңімпазы атанған.

Одан 4 минуттан астам уақытқа қалып қойған AG2R Lа Mоndiale командасының шабандозы, француз Роман Барде жарыстың негізгі кестесі бойынша екінші орында тұр. Ол бұған дейін осы жарыстағы ең қиын 19-кезенде жеңіске жеткен.

Ең үздік спринтердің жасыл жейдесін словак спортшысы Петер Саган иеленеді, ал поляк Рафал Майка таулы жердегі бәсекеде үздік шыққан.

XS
SM
MD
LG