Accessibility links

Донбаста өткен тәулікте алты сарбаз қаза тапқан


Донбастағы украиналық сарбаздар. (Көрнекі сурет.)

Донбастағы украиналық сарбаздар. (Көрнекі сурет.)

Донбаста өткен тәулікте украиналық алты әскери қаза тауып, 13-і жараланғаны туралы Украина президентінің әкімшілігі хабарлаған.

Киевтің мәліметі бойынша, жексенбіге қараған түні ресейшіл сепаратистер оқ атпау режимін 80-ге жуық мәрте бұзып, үкімет әскерінің позицияларын атқылау барысында Минск келісімдері бойынша тыйым салынған қару түрлерін қолданған.

Өзін-өзі жариялап алған «Донецк халық республикасы» өкілдері болса украиналық әскерилерді «200-ден астам рет оқ атты» деп айыптаған.

2014 жылдың көктемінен бері Донбастағы қарулы жанжал салдарынан тоғыз мыңнан астам адам мерт болып, жиырма мыңға жуық адам жараланған.

Киев пен Батыс елдері Шығыс Украинадағы қарулы сепаратистерге қолдау танытып отыр деп Ресейді айыптайды, Мәскеу оны жоққа шығарады.

XS
SM
MD
LG