Accessibility links

Аваков: Шереметтің ісін украин тергеушілері мен АҚШ сарапшылары тексеріп жатыр


Журналист Павел Шереметті жерлеу рәсімі. Минск, 23 шілде 2016 жыл.

Журналист Павел Шереметті жерлеу рәсімі. Минск, 23 шілде 2016 жыл.

Қастандықпен өлтірілген журналист Павел Шереметтің қазасын тергеу ісімен білікті украиналық тергеушілер мен америкалық мамандар шұғылданып жатыр деп мәлімдеді Украина ішкі істер министрі Арсен Аваков. Ол украиналық тергеушілермен бірге АҚШ федералдық тергеу бюросының сарапшылары жұмыс істеп жатқанын айтты.

«Мен күнделікті ақпарат алып отырмын, бірақ олар көпшілікпен талқылауға жатпайтын деректер. Нәтиже болған кезде – ақапарат та болады» деген Аваков.

Ішкі істер министрі тергеуге қатысы жоқ саясаткерлерді фактілер мен тергеуге «ілік» болатын жайттарды ашпауға, сонымен бірге өздігінен жасаған долбарларды таратпауға шақырды.

44 жастағы Шеремет 20 шілдеде Киевтің орталығында автокөлігіне алдын ала қойылған бомба жарылысынан қаза тапқан. БАҚ-тың хабарлауынша, автомобильдің иесі – «Украинская правда» газетінің басшысы Алена Притуланың өзі көлікте болмаған.

Сенбі күні Павел Шереметті Минскіде жерледі.

XS
SM
MD
LG