Accessibility links

Демократтар электрондық хаттарының жария болуына реакция білдірді


Берни Сандерс (сол жақта) пен Хиллари Клинтон.

Берни Сандерс (сол жақта) пен Хиллари Клинтон.

Филадельфияда 25 шілдеде басталатын Демократиялық партияның төрт күндік съезі қарсаңында партия мүшелері ішкі электрондық жазбаларының көпшілікке жария болып кетуіне реакция білдірді. Демократиялық партиядан басты үміткер саналатын Хиллари Клинтонның сайлауалды кампаниясының менеджері Робби Мук жазбалардың жариялануына "Ресей өкілдерінің" қатысы бар болуы мүмкін екенін айтады. Менеджер ішкі хаттар Республикашыл партия кандидаты Дональд Трампқа сайлауда жеңіске жетуіне көмектесуді мақсат еткен болуы мүмкін дейді. Трамп президент болып сайланса Мәскеумен қарым-қатынасты жақсартуға уәде еткен.

CNN-ге берген сұхбатында Робби Мук съезд қарсаңында хаттардың жария болуын "сәйкестік деп санамайтынын" мәлімдеді. WikiLeaks сайтында бұған дейін 19 мыңнан астам электрондық хат жарияланған. Хаттарда праймериз кезінде Демократиялық ұлттық комитет мүшелері бәсекелес Берни Сандерске емес, Клинтонға оң қабақ танытқаны айтылады. Комитет төрағасы Дебби Вассерман Шульц өзі басқаратын орган кандидаттарға біржақты көзқараста болғаны белгілі болғанда отставкаға кететінін жариялаған. Хаттарының бірінде комитет мүшесі Сандерс атеист пе және бұл фактіні оған қарсы пайдалануға бола ма деген мәселе көтерген.

Өткен айда компьютерлік қауіпсіздікпен айналысатын CrowdStrike Inc., комппаниясы демократтардың сұрауы бойынша өткен жылы жазда компьютерлік желілеріне хакерлік шабуыл жасалғанына тергеу жүргізген. Сарапшылар хакерлік шабуылға Ресей билігімен байланысты екі хакерлік топтың қатысы бар деген тұжырым жасаған.

Трамптың сайлауалды кампаниясы демократтардың электрондық компьютерлік желілеріне хакерлік шабуылды ресейліктер республикашылдардың сұрауы бойынша жасады деген болжамды жоққа шығарып, Муктың сөзін "күлкі келтіреді" деп атады.

XS
SM
MD
LG