Accessibility links

KAZ Minerals шахтасында жүргізушіні көлігі басып қаза тапты


Шығыс Қазақстан облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Шығыс Қазақстан облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Шығыс Қазақстан облысында KAZ Minerals компаниясы шахтасы территориясында жүргізушіні өзінің КамАЗ көлігі басып жаншып, қаза тапты. Компания баспасөз қызметінің хабарлауынша, төтенше оқиға 23 шілде күні Артемьевск шахтасының территориясында болған.

Компания бетон құятын кешен аумағында цемент таситын көлікті босатып жатқанда КамАЗ жүргізушісі жүк түсіру магистралдерін бір-біріне жалғау үшін көліктен шыққанын айтады. Осы кезде көлік қозғалып кетіп, жүргізушіні ғимараттың металл конструкциясына қысып тастаған. Жүргізуші жарақатынан көз жұмған.

Қазір арнайы комиссия шахтадағы төтенше оқиғаны тексеріп жатыр.

XS
SM
MD
LG