Accessibility links

Тоқаев: ХОК-тің Ресей спортшыларына қатысты шешімі дұрыс


Парламент сенаты төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев.
Парламент сенаты төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан парламенті сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) ресейлік допинг дауына ұшырамаған спортшыларды Олимпиада ойындарына жіберу шешімі оң болды деген пікір білдірді. Twitter-дегі парақшасында Тоқаев "ХОК Ресей құрамасын Риодағы Олимпиада ойындарына қатыстыру туралы шешімді дұрыс қабылдады. "Таза" спортшылар функционерлер үшін жауап тартпауы тиіс" деп жазды.

24 шілдеде ХОК атқару кеңесі Ресей спортшыларын Рио олимпиадасынан шеттетпейтін, бірақ ресейлік спортшыларды олимпиадаға жіберу мәселесін әр спорт федерациясының жеке құзырына қалдыратынын шешім қабылдаған.

Сонымен қатар ХОК шешімімен осыған дейін допинг қолданып, жазаланған ресейлік спортшылар Рио олимпиадасына қатыспайды.

XS
SM
MD
LG