Accessibility links

Флорида штатында түнгі клубта атыстан 2 адам оққа ұшты


Флорида штатындағы түгі клубтардың біріне жасалған шабуылдан кейін. АҚШ, 12 маусым 2016 жыл. (Көрнекі сурет).
Флорида штатындағы түгі клубтардың біріне жасалған шабуылдан кейін. АҚШ, 12 маусым 2016 жыл. (Көрнекі сурет).

Америкалық ақпарат құралдары Флорида штатында түнгі клубта атыс болып, кемінде екі адам қаза тауып, 13 адам жараланғанын хабарлады. Оқиға 25 шілде күні таң ата болған.

Полицияның мәліметінше, атыс Форт-Майерс қаласында Blu түнгі клубында болған.

Кейбір мәліметтер бойынша, қаза тапқандардың бірі - 14 жастағы бозбала болған.

Атысқа күдікті және оны кім жасағаны, неден туындағаны туралы әзірге мәлімет жоқ.

Флориданың Орландо қаласында 12 маусымда түнгі гей клубқа шабуыл жасалып, 49 адам мерт болған. Шабуыл жасаған адам – жасы 29-дағы Омар Седдик Матин. Америкалық конгрессмен Билл Нельсонның сөзінше, Матин әлеуметтік желілерде «Ислам мемлекеті» ұйымына адалдығын талай рет мәлімдеген. Нельсон мұны «АҚШ барлауы қызметкерлерінен алған ақпаратқа» сілтеме жасап мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG