Accessibility links

Бағдадта жарылыстан 14 адам қаза тапты


Шілдеде Бағдадта болған шабуылдардың бірі, Ирак (Көрнекі сурет).

Шілдеде Бағдадта болған шабуылдардың бірі, Ирак (Көрнекі сурет).

Ирак астанасы Бағдад маңында бүгін көлікке орнатылған бомба жарылып, кем дегенде 14 адам қаза тапты деп хабарлайды полиция мен құтқару қызметіндегі дереккөздеріне сілтеме жасаған Reuters агенттігі. Бомбаны жанкешті іске қосқан.

Кейбір мәліметтер бойынша, қаза тапқандардың көпшілігі - қалаға кіреберістегі тексеру бекетінде тұрған көлік жолаушылары. Құрбандар арасында жарылыс болған кезде жанындағы микроавтобуста отырған әйелдер мен балалар да бар.

Жарылыс жауапкершілігін әзірге ешкім мойнына алған жоқ.

Шілдеде осыған ұқсас бірнеше жарылыс болған. Олардың ішіндегі ең жойқын жарылыста 300-ге тарта адам қаза тапқан. Жарылысты "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы жасағанын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG