Accessibility links

Бавария ішкі істер министрі: Ансбахтағы шабуыл - теракт


Германия полициясы Ансбахта өзін-өзі жарған 27 жастағы сириялық босқын тұрған босқындар лагерге жақын көшені жауып тұр. 25 шілде 2016 жыл.

Германия полициясы Ансбахта өзін-өзі жарған 27 жастағы сириялық босқын тұрған босқындар лагерге жақын көшені жауып тұр. 25 шілде 2016 жыл.

Германия билігі Баварияның Ансбах қаласында жарылыс жасаған сириялық босқынның "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымына қатысы барын мәлімдеді. Бавария ішкі істер министрі Йоахим Германның хабарлауынша, 27 жастағы сириялықтың ұялы телефонынан оның ИМ-ге адалдығын білдіргені және алдағы шабуылды немістердің "исламға кедергі келтіріп отырғаны" үшін кек алу деп атағаны айтылатын видео табылған. Министрдің сөзінше, шабуылдың теракт екені сөзсіз.

Жарылыста жанкештінің өзі мерт болып, 15 адам жараланған. Шабуыл жауапкершілігін ИМ мойнына алған.

Жарылыс болардың алдында сириялықты музыка фестиваліне кіргізбей қойған. Ол жарылысты фестивальге келгендер арасында жасамақ болған. Фестиваль үзіліп, екі мыңнан астам адам эвакуацияланған.

Сириялық босқын бұған дейін есірткі контрабандасы және басқа да қылмыстар бойынша полиция назарына ілігіп, депортациялануы тиіс болған.

Германия ішкі істер министрі ТОмас Мезьер елде соңғы уақытта болған барлық жарылысты тергеу толық аяқталмайынша миграциялық ережелер өзгермейді. Бірақ ол әуежайларда, теміржол вокзалдарында полиция күзетін күшейтіп, шекаралас аудандарда арнайы рейдтер жүргізуге тапсырма берді.

Соңғы бір аптаға жетпейтін уақытта Германияда Азия мен Таяу Шығыс елдерінен шыққан азаматтар төрт шабуыл жасап, 10 бейбіт тұрғын қаза тапты, ондаған адам жараланды.

XS
SM
MD
LG