Accessibility links

Филадельфияда Демократиялық партия съезі басталды


Берни Сандерстің жақтастары Демократиялық партия съезі өтіп жатқан ғимарат алдында демонстрация өткізіп тұр. Филадельфия, АҚШ, 25 шілде 2016 жыл.

Берни Сандерстің жақтастары Демократиялық партия съезі өтіп жатқан ғимарат алдында демонстрация өткізіп тұр. Филадельфия, АҚШ, 25 шілде 2016 жыл.

Филадельфияда басталған АҚШ Демократиялық партиясының съезі сенатор Берни Сандерс жақтастарының наразылығымен ашылды. Бұған оның бәсекелесі Хиллари Клинтонның 8 қарашада өтетін президент сайлауына кандидат ретінде ресми түрде ұсынылғаны себеп болды.

Бұған дейін ақпарат құралдарында партия басшылығының Клинтонға іш тартатынын айғақтайтын электрондық жазбалары жарияланып кетуіне байланысты кеше партия төрағасы Дебби Вассерман Шульц отставкаға кеткен. Алғашқы күні съезді Вассерман Шульцтің орнына Балтимор мэрі Стефани Роулингс-Блэйк ашты. Сандерстің жақтастары президенттікке Клинтон ұсынылатыны жарияланған кезде Сандерстің атын айтып ұрандап тұрды.

Төрт күндік съезд қорытындысы бойынша бұрынғы мемлекеттік хатшы Хиллари Клинтон Демократиялық партияның президенттікке ұсынған алғашқы әйел кандидаты болады деп болжанып отыр. Ол ұсынылса Республикашыл партия ұсынған кандидат Дональд Трампқа президенттік сайлауда бәсекелес болады.

XS
SM
MD
LG