Accessibility links

Ресейлік үш ескекші Рио олимпиадасынан шеттетілді


Рио Олимпиадасының белгісін ұстап тұрған атлет (Көрнекі сурет).

Рио Олимпиадасының белгісін ұстап тұрған атлет (Көрнекі сурет).

Ресейлік үш ескекші Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) допинг-бақылау ережесі бойынша Рио Олимпиадасынан шеттетілді.

Ресей ескекшілер федерациясының басшысы Вениамин Бут ескекшілер Иван Подшивалов, Иван Баландин және Анастасия Карабельщиковаларды шеттету - ресейлік бір ескекші әйелдер жұбы мен мен тағы бір ерлер жұбы Олимпиадаға қатыса алмайды деген сөз дейді. Себебі шеттетілген ескекшілерді алмастыру мүмкін емес.

«Үш адамның жарыстан шеттетілгені үшін 15 адам Олимпиадаға бармайды», - деді ол "Интерфакс" агенттігіне.

Бут R-Sport ресейлік жаңалықтар агенттігіне ескекшілер Подшилов пен Карабельщина Спорттық арбитраж сотына аппеляцияға беретінін айтты.

ХОК 24 шілде күні допингті жаппай қолдану және оны жасырғаны үшін Ресейдің барлық спортшысын Олимпиададан шеттетуге қарсы шешім шығарған. ХОК ресейлік спортшыларды Олимпиададан шеттетуді әр спорт федерациясы өзі жеке шешсін деген. Бірақ бұдан бұрын да допинг дауына іліккен спортшылар автоматты түрде додадан шеттетілмек.

XS
SM
MD
LG