Accessibility links

Қырғыз милициясы қазақстандық туристер қатысқан жанжалды тексеріп жатыр


Ыстықкөл жағалауында демалып жүрген адамдар (Көрнекі сурет).
Ыстықкөл жағалауында демалып жүрген адамдар (Көрнекі сурет).

Қырғызстан милициясы Чолпон-Ата қаласындағы "Көгілдір Ыстықкөл" пансионатында қазақстандық туристер мен жергілікті тұрғындар арасында болған жанжалды тексеріп жатыр деп хабарлады Азаттықтың Қырғыз редакциясы.

Ыстықкөл облысы ішкі істер басқармасының баспасөз қызметінің жетекшісі Сталбек Усубакуновтың айтуынша, жанжал болған пансионатта жедел-тергеу тобы жұмыс істеп, куәгерлерден жауап алып жатыр. Ол сонымен қатар азаматтардың ешқайсысы милицияға арызданбағанын айтты.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, 23 шілдеде қазақстандық туристер мен жергілікті тұрғындар арасында жанжал туындап, соңы төбелеске ұласқан. Жанжалға не себеп болғаны әзірге белгісіз.

XS
SM
MD
LG