Accessibility links

Алматыда тарихи ғимаратта шыққан өрт сөндірілді


Алматыдағы өрт сөндірушілер өрт кезінде (Көрнекі сурет).

Алматыдағы өрт сөндірушілер өрт кезінде (Көрнекі сурет).

Алматыда Арбат аталып кеткен алаңда орналасқан тарихи ғимаратта шыққан өрт сөндірілді. Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетованың хабарлауынша, Жібек жолы мен Панфилов көшелерінің қиылысында орналасқан, 19-ғасырда салынған нысанда өрт шыққаны туралы хабар таңертең сағат 7:49-да түскен. Өрттен зардап шеккендер жоқ. Үйдің шатыр бөлігінің 150 шаршы метр аумағы өртенген. Өрт сағат 9 жарым шамасында сөндірілген.

Өрт болған ғимаратта "Халықаралық Дінмұхамед Қонаев қорының кеңсесі, кафе, мейрамхана мен дүкен орналасқан.

Өртті сөндіру кезінде сыртқа құнды заттар сыртқа шығарылған.

XS
SM
MD
LG