Accessibility links

ХВҚ Молдоваға несие беруге келісті


Павел Филип, Молдова премьер-министрі.

Павел Филип, Молдова премьер-министрі.

Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) Молдоваға 179 миллион АҚШ долларын үш жыл мерзімге қарызға беруге келісті. Қарыз Молдова үкіметі экономикалық реформаларды жасаған жағдайда ғана беріледі.

Молдова - Еуропаның ең кедей елдерінің бірі. 2015 жылы қыркүйекте ХВҚ Молдованың үш банкінен 1 миллиард АҚШ долларының жымқырылуына қатысты дауға байланысты Кишиневпен қарыз беру мәселесін қарастырмайтынын» айтып, бұл елден кеткен.

Молдова премьер-министрі Павел Филип Associated Press агенттігіне ХВҚ Молдоваға қайта оралып «елдегі оптимизмді жоғарылатты және шетелдегі дәрежемізді қалпына келтіруге көмектесті» деді.

Филип өз үкіметі еуропалық реформаларды іске асыру уәдесін сақтайтынын және «инвестициялар тартуға талпынатынын", "бұл мақсатта үкімет бірақатар экономикалық және банк саласында реформалар қабылдағанын» айтады.

Кишиневте 10 күн болған ХВҚ өкілдері Молдова үкіметіне несие алу үшін елде бизнеске жасалатын жағдайды жақсартып, банк саласында маңызды реформаларды жүргізуге, коррупциямен күресті үдетуге кеңес берді.

Несие беру келісімін қазан айында ХВҚ кеңесі мақұлдауы тиіс.

XS
SM
MD
LG