Accessibility links

Әлихан Бөкейханға арналған экспедиция аяқталды


Әлихан Бөкейханның туғанына 150 жыл толуына арнап ұйымдастырылдған экспедиция қорытындысы жайлы жиын. Алматы, 27 шілде 2016 жыл.

Әлихан Бөкейханның туғанына 150 жыл толуына арнап ұйымдастырылдған экспедиция қорытындысы жайлы жиын. Алматы, 27 шілде 2016 жыл.

Алматыда бүгін «Әлихан Бөкейхан ізімен» деп аталатын ғылыми-танымдық экспедициясының нәтижесі қорытындыланды деп хабарлайды Азаттық тілшісі. Қоғам және мемлекет қайраткері, «Алашорда» автономиялық үкіметінің төрағасы Әлихан Бөкейханның туғанына 150 жыл толуына орай экспедицияны Қазақ географиялық қоғамы ұйымдастырған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, экспедиция 5-22 шілде аралығында Әлихан Бөкейхан жүрген жерлерді аралап қайтқан. 5 шілдеде Алматыдан шыққан экспедиция Ақтоғай, Қарқаралы өңіріне, одан ары Семей, Омбы, Санкт-Петербург, Минск, Самара және Орынбор қалаларына басып, сапарын Мәскеуде аяқтаған.

Ұйымдастырушылар экспедицияның мақсаты - Әлихан Бөкейханның өмір жолын, халқына сіңірген еңбегін кеңінен танытып, насихаттау, әлеуметтік желідегі оқырмандарға еңбектерін таныстыру дейді.

Құрамына сегіз адам кірген экспедиция мүшелері Әлихан Бөкейханның туған жері Ақтоғайдан топырақ алып, оны Мәскеудегі қайраткер жерленген орынға қойған. Экспедиция мүшелері Минскіде 1916 жылы Әлихан Бөкейхан алғаш барғанда тоқтаған қонақүйді тапқанын, қазір ол бизнес орталығына айналып кеткенін айтады. Жергілікті халық ол жерде бұрын қонақүй болғанын экспедиция мүшелерінен білген.

  • 16x9 Image

    Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

    Нұртай Лаханұлы. 1973 жылы дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультеті бойынша тәмамдаған.  «Қазақстан-Заман» газеті мен «Қазақ радиосында» қызмет еткен. 2010 жылдан бері Азаттық радиосында  жұмыс істейді.

XS
SM
MD
LG