Accessibility links

Биржада доллар бағамы сәл арзандады


Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінің біріндегі валюта бағамы. 26 шілде 2016 жыл.

Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінің біріндегі валюта бағамы. 26 шілде 2016 жыл.

Қазақстан қор биржасында бүгін таңертеңгілік сауда сессиясында АҚШ долларының бағамы сәл арзандап, 352 теңге 01 тиынды құрады. Кеше биржада таңғы саудада доллар 347 теңге 86 тиын, күндізгі саудада доллар 351 теңге 02 тиын болған.

Биржа мәліметі бойынша, бүгін 189 миллион 65 мың доллар сатылған. Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 354-356 теңге аралығында сатылып жатыр.

Әлемдік нарықта соңғы мәлімет бойынша, Brent маркалы мұнай баррелінің қыркүйекке арналған бағамы 44,82 доллар болған. Brent маркалы мұнай баррелі шілденің басынан бері 50 доллардан 26 шілдеде 44,80 долларға дейін (11 пайыз) арзандаған.

XS
SM
MD
LG