Accessibility links

Шымкент белсенділеріне митинг өткізуге үшінші рет рұқсат етпеді


Шымкенттік белсенді Ибраһим Әлсерке.

Шымкенттік белсенді Ибраһим Әлсерке.

Шымкент әкімдігі қала белсенділерінің жерді сату жəне жалға беруге қарсы 30- шілдеде митинг өткізу туралы өтініштерін тағы қабылдамай тастады. Бұл туралы Азаттықтта белсенді Ибраһим Əлсерке хабарлады.

Ибраһим Əлсеркенің айтуынша, 7 шілде күні бірнеше қоғам белсендісі жер туралы Қазақстан заңнамаларының дұрыс орындалмағанына қатысты халық наразылығын жеткізу мақсатында Абай саябағының Даңқ мемориалы алаңында митинг өткізуге рұқсат сұрап қалалық әкімдікке өтініш берген.

- Əкімдік митинг өткізуге біз сұраған Даңқ мемориалының айналасындағы көгалды 30-31шілде күндері дәрілейтін болғандықтан рұқсат бермейтінін айтып өтінішімізді кері қайтарды. Әкімдіктің бұл жауабын тексеру үшін 30 шілде күні алаңға барамын. Біз заңды түрде рұқсат бермегенше әкімдікке өтініш білдіре береміз, - дейді белсенді.

Шымкент қаласы əкімдігі осыған дейін белсенділерге жерді сату жəне жалға беруге қарсылық ретінде екі рет - 21 мамыр және 6 шілдеде митинг өткізуге рұқсат бермеген еді.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

XS
SM
MD
LG