Accessibility links

Ереванда полиция полкіндегі қарулы екі дәрігерді кепілге алды


Еревандағы қарулы топ басып алған полиция полкі территориясы. Армения, 26 шілде 2016 жыл.

Еревандағы қарулы топ басып алған полиция полкі территориясы. Армения, 26 шілде 2016 жыл.

Армения полициясының ресми өкілі Ашот Агаронян бүгін Ереванда полиция полкін басып алған "Сасна црер" қарулы тобының мүшелері жаралыларға көмектесуге барған екі дәрігерді кепілге алғанын мәлімдеді.

Агаронян Facebook-тегі парақшасында қарулы топ мүшелері полиция полкі территориясында қалған жаралыларға ем-дом жасауды талап етіп, сол жерге барған дәрігерлер - фельдшер мен медбикені кепілге алған. Ал Армения денсаулық сақтау министрлігі қарулы топтан дәрігерлерді босатуды талап етті.

Бүгін 27 шілдеге қараған түні Ереванның Эребуни ауданында қарулы топ басып алған полиция полкі территориясында болған атыстан қарулы топ жетекшісі мен оның ұлы жараланғаны хабарланған.

Полиция полкін 17 шілдеде басып алған "Сасна црер" тобы оппозициялық "Құрылтай парламенті" қозғалысының үйлестірушісі, өткен айда заңсыз қару сақтады деген айыппен қамалған Жирайр Сефилянді босатуды және президент Серж Саргсяннің отставкаға кетуін талап етеді.

XS
SM
MD
LG