Accessibility links

Астанада үлескерлер тұрғын үйдің салынбай жатқанына шағымданды


"Оберег" украин ұлттық-мәдени орталығы" фирмасының басшылығы үлескерлерімен кездесіп отыр. Астана, 27 шілде 2016 жыл.

"Оберег" украин ұлттық-мәдени орталығы" фирмасының басшылығы үлескерлерімен кездесіп отыр. Астана, 27 шілде 2016 жыл.

Астанада бүгін "Оберег" украин ұлттық мәдени орталығы" фирмасының үлескерлері тұрғын үй кешендерінің үйлердің салынбай, пайдалануға берілмей тұрғанына байланысты фирма басшылығымен кездесті деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Үлескерлердің айтуынша, үш блоктан тұратын тұрғын үй кешені 2014 жылдың үшінші тоқсанында салынып бітуі тиіс болған. Фирмаға барлығы 72 үлескер ақша салған. Үлескерлердің кейбірі ақшаны толықтай аударған. Кездесуге келген фирма директорының қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары Галина Агиева үлескерлердің біразы қаржыны кестемен аударып жатқанын, кейбірі қаржы төлемейтінін айтады.

Агиева 250 мың шаршы метрден тұратын тұрғын үй кешені құрылысының жобасы 4 миллиард теңге тұратынын, оның 1,5 миллиард теңгесі игерілгенін айтады. Ол қазір басты мәселе - қаржат жоқтығын, қаржы мәселесі оң шешілсе 2017 жылдың үшінші тоқсанына дейін кешенді салып біту жоспарлары барын айтты. Агиеваның сөзінше, қазір пәтерлердің біразын несиемен беру бағдарламасы жасалып жатыр.

XS
SM
MD
LG