Accessibility links

Қостанай облысында жол апатынан алты адам қаза тапты


Қазақстандағы көлік апаттарының бірі. (Көрнекі сурет)
Қазақстандағы көлік апаттарының бірі. (Көрнекі сурет)

27 шілде күні кешке Қостанай облысының Қарабалық ауданында Алматы - Екатеринбург жолының бойында жолаушылар автобусы мен ауыр жүк көлігі соқтығысып, алты адам қаза тапты. Ішкі істер миинстрлігі төтенше жағдайлар комитетінің хабарлауынша, жол апатынан 25 адам жараланған. Жаралылар аудандық ауруханаға жеткізілген.

Жол апаты Ресеймен шекараға жақын жерде болған. Қостанайдан Ресеймен шекараға қарай жолға шыққан Iveco Magirus жүк көлігі қарама-қарсы бағытқа шығып кетіп, Kia Granbird автобусымен соқтығысқан.

Алдын ала мәлімет бойынша, жол апатына жүк көлігінің алдыңғы дөңгелегіндегі ақау себеп болған. Қаза тапқан адамдардың қай елдің азаматтары екені әзірге белгісіз.

XS
SM
MD
LG