Accessibility links

Жаңаөзенде "Бұрғылау" мекемесі жұмысшылары наразылықты тоқтатты


«Бұрғылау» ЖШС жұмысшылары өздері жаңадан сайлаған кәсіподақ жетекшісінің жұмысына кедергі жасамауды басшылықтан талап етіп тұр. Жаңаөзен, 28 шілде 2016 жыл.
«Бұрғылау» ЖШС жұмысшылары өздері жаңадан сайлаған кәсіподақ жетекшісінің жұмысына кедергі жасамауды басшылықтан талап етіп тұр. Жаңаөзен, 28 шілде 2016 жыл.

Жаңаөзенде "Өзенмұнайгаз" компаниясына қарасты "Бұрғылау" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мекемесінің жұмысшылары наразылықты тоқтатты.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, жұмысшылар наразылықты кәсіподақ жетекшілігіне өздері ұсынған Сәкен Бекқалиевтың ұсынысымен аяқтаған. Полиция бөлімінен жауаптан босап шыққан соң жұмысшыларға барған Бекқалиев бүгін тарқап, жұмысқа кірісуді, талаптарын хатқа түсіріп мекеме басшылығына тапсыруды ұсынған.

«Бұрғылау» мекемесінің жұмысшылары бүгін таңертең төртінші күн қатарынан кәсіподақ жұмысына наразылық білдіріп, жұмысты тоқтатқан. Бірнеше жүз жұмысшы Жаңаөзеннің шетіндегі жұмысшыларды жұмыс орнына автобустармен алып кететін автобекетте таңертеңнен бері жиналған. Жұмысшылар мекеме бастығы Асхат Сариевтің жұмысшыларды жиі қудалайтынын айтып, оның қызметтен кетуін талап етеді. Жұмысшылар сонымен қатар мекеме кәсіподағы жұмысшылар құқығын қорғай алмайтынын айтып, өздері сайлаған кәсіподақ жетекшісі Сәдуақас Бекқалиевтің жұмысқа кірісуіне мүмкіндік беруді талап етеді. Жұмысшылар төрт күн екі сағаттан жұмыстан қалып талаптарын білдіріп жиын өткізіп келе жатқанын айтады.

Бүгін жұмысшыларға келген "Бұрғылау" мекемесінің бас директоры Асхат Сариев жұмысшылардың қудалау туралы айтқандары "жалған" деп, кәсіподақ жетекшісі барлық тиісті процедураны жасаған соң жұмысқа кірісе алатынын айтқан. Ол өзінің қызметтен кету мәселесі сот арқылы шешілетінін де білдірген.

Жұмысшылар Бекқалиевті бүгін полиция бөліміне жауапқа шақыртқанын, наразылық кезінде оның сонда "жауап беріп жатқанын" айтқан.

Бекқалиевтің айтуынша, жұмысшылар хат тапсырған оған басшылықтың беретін жауабын күтеді және жауапқа сай әрекет етеді.

XS
SM
MD
LG