Accessibility links

ТЖК: Қостанайдағы жол апаты құрбандары арасында ресейліктер бар


Қостанай облысының аумақтық картасы.

Қостанай облысының аумақтық картасы.

Қостанай облысында жолаушылар автобусы мен жүк көлігінің соқтығысуынан қаза тапқан алты адамның үшеуі - Қазақстан, екеуі - Ресей азаматтары деп хабарлады ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов. Оның сөзінше, бір адамның кім екені анықталып жатыр.

27 шілде күні кешке Қостанай облысының Қарабалық ауданы аумағында Амлаты-Екатеринбург жолының 391-километрінде Iveco Magirus ауыр жүк көлігі Kia Granbird автобусымен бетпе-бет соқтығысқан. Қостанайдан Ресей шекарасына кетіп бара жатқан жүк көлігі қарама-қарсы бағытқа шығып кетіп, Челябинск - Жітіқара және Рудный - Сатқа бағытында кетіп бара жатқан автобусқа соқтығысқан.

Автобуста 44 жолаушы мен екі жүргізуші болған. Апаттан алты адам, оның ішінде 12 жастағы бала қаза тауып, 32 адам жараланған. Жараланғандар арасында 28 жолаушы мен автобустың екі жүргізушісі және жүк көлігінің жүргізушісі бар. Оқиға орнынан 37 адам эвакуацияланған. Сегіз адам ауруханаға жатқызылған.

XS
SM
MD
LG