Accessibility links

WikiLeaks демократтардың Сандерсті сынаған кезекті хаттарын жариялады


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

WikiLeaks сайты АҚШ Демократиялық партиясы съезінен ұрланған деген 29 электрондық аудио хатты жариялады. Хаттардың арасында партияның аты-жөні белгісіз кейбір мүшелерінің Берни Сандерстің партияға ықпалына кейіген аудио қоңыраулар бар.

WikiLeaks-тегі ұрланған хаттар Хиллари Клинтонның Демократиялық партия атынан президенттікке кандидат болып ресми түрде бекіген күні жарияланды.

Сандерске қарсы хаттарда негізінен Демократиялық партияның алдағы оқиғалары туралы қарапайым мәліметтер бар. Аудио қоңырау шалушының бірі Сандерстің партия комитетіне таңдап алынғанына қарсылық білдіріп, тіпті оның партия съезінде қысқа уақыт сөйлеуіне қарсылық білдірген.

Сандерс туралы айтқан қоңырау шалушы оны "демократ емес, қазір тоқтатыңыз" деген. Тағы бір аудио қоңырауда Сандерстің президент Барак Обаманы сынайтын жақтасы Корнел Вестке қарсы шағым айтылады.

WikiLeaks өткен аптада Демократиялық партия мүшелерінің бір-біріне жазысқан 19 мыңнан астам ішкі хатын жариялап жіберген еді.

XS
SM
MD
LG