Accessibility links

Полиция: Сафар Шәкеевтің мәйіті өзеннен табылды


Сафар Шәкеевтің жоғалып кеткені туралы интернетте таралған хабарлама.

Сафар Шәкеевтің жоғалып кеткені туралы интернетте таралған хабарлама.

Алматыда Есентай өзенінен табылған мәйіттің композитор Еркеш Шәкеевтің ұлы Сафар Шәкеев екені анықталды. Сафар Шәкеев бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен.

Аламаты қалалық ішкі істер департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің хабарлауынша, бүгін сағат 11 шамасында тұрғыннан Есентай өзені аңғарынан адам мәйіті жатқаны туралы хабар түскен. Мәйіт киімінің қалтасынан Сафар Шәкеевтің ішінде құжаттары бар әмияны мен көлігінің кілті табылған.

Әзірбек бұған дейін Шәкеевтің өзенде ізделгенін, бірақ судың қатты ағысынан оны таба алмағанын айтады. Құтқарушылар мәйіт өзен құламаларының бірінде тұрып қалған болуы мүмкін дейді.

ІІД тергеу аясында марқұм өлімінің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындағанын, оның қорытындысы бойынша ары қарай шешім қабылданатынын айтады.

1991 жылы туған Сафар Шәкеевтің жоғалып кеткені туралы хабар полицияға биыл 16 шілде күні түскен. Іздеу жұмыстарына полицейлер, еріктілер мен сүңгуірлер қатысып, тікұшақ тартылған.

XS
SM
MD
LG